Өнер ұжымдары «Театр көктемі – 2015» фестиваліне дайындалуда

404

Шымкентте 2015 жылдың 5-11 сәуірі аралығында Қазақстан ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі өтеді. Фестиваль аясында Шымкент тұрғындары мен қонақтары ОҚО орыс драма театры, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, республикалық мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры мен ОҚО өзбек драма театры ұжымдарының орындауында Т.Ахтанов, М.Байғұт, Ш.Орынбай, А.Ашири, Ж.Солтиева, Б.Брехт және Б.Есенәлиев сынды отандық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын тамашалай алады.

Іс-шараның ашылу салтанаты 6 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимаратында өтпек. Спектакль қойылымдары көрермен назарына 2015 жылдың 6-9 сәуірі аралығында сағат 11:00 және 19:00-де ұсынылатын болады.

Ал 10 сәуір күні сағат 11:00-де Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында лауреаттарды марапаттау мен фестивальдің жабылу салтанаты өтеді деп жоспарлануда.

Спектакльдерге кіру – тегін. Қосымша ақпаратты 53-03-92, 29-38-58 телефондары арқылы алуға болады.

Оосыған орай облыстық қазақ драма театрының ұжымы «Театр көктемі – 2015″облыстық кәсіби театрлар фестиваліне дайындығын пысықтап жатыр. Дәл қазір әртістер «Қарлығаш әулие – Төле би» тарихи-көркем пьесасын сахналауда.

002

Бұған дейін Төле бидің 350 жылдығында көрерменге ұсынылған туындыны толымды етіп, жаңғырту режиссер Иманәлі Сапаровқа жүктеліпті. Бұл пьеса 2 сәуірде басталатын театрлар фестивалінің алғашқы күні сағат 15:30-да сахналанады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі