Банк қызметкері алаяқтық жасаған

285
Фото: //u74.ru

Шымкентте алаяқтық жасаған банк қызметкері анықталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

2012 жылдың шілде айында «АТФ Банк» АҚ филиалының қордаланған қарыздарды өтеу бөлімінің қызметкері Г.Шудабаев, өзінің жұмыс бабын пайдаланып, М.Сапиева есімді азаматшаның сеніміне кіреді. Ол әйелдің несие қарызын өтеу керегін айтқан банк қызметкері 149 740 теңге ақшасына алдап қол жеткізіп, өз пайдасына жұмсайды.

Ал 2013 жылдың қаңтарында дәл осы Шудабаев К.Әбдібаитова есімді тұрғынға кепілдікте тұрған 4 бөлмелі пәтерін кепілдіктен шығарамын деп уәде беріп, жәбірленушінің 650 мың теңгесін алып, оны да өз қажетіне жұмсап жіберіпті.

Қазіргі таңда Шудабаевтың үстінен алаяқтыққа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Айыпталушы жәбірленушілермен ымыраға келуі себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отыр.