Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 150 студент жұмыс тапты

Дипломыңыз қолға тиісімен бірден жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік бар. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де биылғы түлектерге арналған «Жас маман  -2015» жұмыс жәрмеңкесі өтті. Онда 3000-нан аса студент мамандықтары бойынша жұмыс орындарымен танысты.

Таңғы сағат 10-да басталған жәрмеңкеге қала мен облыс аумағынан келген 180 кәсіпорын қатысып отыр. Бос жұмыс орнын ұсынушы мекеме өкілдерінің айтуынша, бүгінде құрылысшы, электрші, дәнекерлеуші, қонақ үйде қызмет көрсету салалары бойынша маман тапшы.

Бірнеш сағатқа созылған жәрмеңкеге кез келген жас қатыса алды. Ал жұмыс ұсынушы мекемелердің қояр талабы да әр түрлі. Бастысы – жұмысқа деген жауапкершілік. Талапкерлердің бірнеше шет тілін меңгергені, компьютерлік білімі болса, тіпті жақсы.

Іс-шараға қатысқан жастар құр қол қайтпады. Бос жұмыс орындарын ұсынған 180 кәсіпорынның 150-і жас талапкерлермен жұмыс істеуге дайын. Мәселен, білім ошақтары – 80, № 3 жылу-энергия орталығы – 30, құрылыс компаниялары 12 түлекпен келісім-шарт түзіп үлгерді. Енді студенттер тек қолдарына дипломдарын алса болғаны.