«Оңтүстік самалы» бард фестивалі аяқталды

244

Арыс өзенінің жағасында бард әншілердің фестивалі өтті. Үш күнге созылған мерекелік кешке Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің шығармашыл ақын-сазгерлері қатысты. Үміткерлер сазды аспаптарда ойнап, өнерлерін ұсынды.

002

Ұйымдастырушыларың сөзіне сенсек, ән байқауының қатысушыларына қойылған талап жоғары. Яғни, қазақ авторларының әндерінен бөлек ақын Владимир Высоцкийдің шығармашылығы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған туындыларды орындауы тиіс болды.

Фестивал мәресіне жетті. Байқаудың бас жүлдесін Гайдар Әбиев жеңіп алды. Владимир Высоцкийдің шығармашалығын насихаттағаны үшін қаламыздаєы Высоцкий мұражайының қор сақтаушысы Марс Садықов марапатталды.

Ал өзге де қатысушылар арнайы наминацияларды иемденіп, оларға сый-тарту табысталды. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, «Оңтүстік самалы» байқауы келер жылы да жалғасын таппақ.