Он тур ойнамаған футболшыны алаңға шығарудан пайда жоқ

213

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатының 10 туры аяқталды. Команда құрамындағы бірқатар футболшылардың жұлдызы жанып, үздік ойыншы атағына да ие болып жатыр.

Мысалы, жанкүйерлер арасындағы сауалнама бойынша «Ордабасы» ойыншыларының арасынан Азат Нұрғалиев пен Александар Симчевич үздік деп танылып отыр. Ал кейбіреулері, керісінше, он тур бойына жасыл алаңға шығуға өз кезегін күтіп отыр. Ондай аяқдопшылар шымкенттік «Ордабасының» сапында да бар.

00000

Он турдың ішінде негізгі құрамдағы бірнеше ойыншы денсаулығына байланысты біраз матчтарға қатыса алмай қалған жайы бар.

Мүмкін, содан да болар, Қазақстан кубогі жолындағы жарыстың 1/8 ойынына «Ордабасының» бас бапкері Виктор Кумыков қосалқы футболшыларды шығарған. Нәтижесінде, жанкүйерлер де, клуб басшылығы да тараздықтардан жеңіліс тапқанымыздың себебін іздеумен әлек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6q2WabVSpy0[/youtube]