Орыс драма театры мерейтойын тойлап жатыр

329

Биыл облыстық орыс драма театырының ашылғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойды өнер ұжымы үлкен құрметпен атап өтті. Мәдени шараға келген көпшілік өздерінің ыстық лебіз бен құттықтауға толы гүл шоқтарын арқалай келген.

театр ұжымы көрерменге қойылымдарын ұсынды
Театр ұжымы көрерменге қойылымдарын ұсынды

7080

Ал өзге театр ұжымдары арнайы қойылымдарын қойып, ұжымға тарту етті. Әріптестерінің сый-кәдесіне тәнті болған облыстық орыс драма театры да қарап қалмады. Олар мерейтойлық жинақ, яғни театрдың тарихы мен ондағы әртістердің өміржолы жазылған кітапты сыйға тартты.

Айта кетейік, бүгінге дейін өнер шаңырағында әлемге мәшһүр жүздеген премьералық қойылым сахналанған. Қоржынын құнды еңбектермен толтырған театрдан еліміздің талантты әртістері түлеген.

7078

Анна Перескок, көрермен: «Мен театрдың әрбір қойылымын жатқа білемін. Бұл ұжымның әртістері талантты. Рөлді көптің жүрегіне жеткізе сомдайды. Кейіпкердің бойына енеді. Келген сайын рухани азық алып қайтамын. Бүгін өнер ұжымын мерейтойымен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілегім келеді.»