Отырар ауданында құс фермасы ашылды

657

Отырар ауданындағы Жаңа Шілік ауылында жаңа құс фермасы ашылды. «Жаңа жер» шаруа қожалығына қарасты бұл фермада күніне төрт мыңнан астам құс жұмыртқасын алу жоспарда бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6ao8ajLKyTY[/youtube]

003

Ауыл тұрғындары жиылған шарада аудан әкімі С.Полатов, облыстық мәслихат депутаты Ә.Досболов пен «Саутс Ойл» ЖШС президенті С.Сейітжанов сөз сөйлеп, қолға алынған бастамаға сәттілік тіледі.

004

Сұранысқа сай нарықты сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырған ферма меңгерушісі Г.Сейтжан алдағы уақытта құс фермасын кеңейтуді әрі сүт фермасын ашуды межелеп отырғандарын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі