Сайрамдағы күн электр станциясы электр қуатын тарата бастады

423

Сайрамдағы жаңа серіктестік өткен айдан бастап тасымалдаушы «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы арқылы «Кегок» АҚ компаниясына қуат көзін таратуда. Электр энергиясының әр кВты 34 теңге 61 тиыннан босатылып жатыр. Бұл – электр қуатын сырттан тасымалдайтын біздің ел үшін үлкен көмек.

Бұл күн электр станциялары өткен жылдың соңында орнатылған болатын. Барлығы – 4 160. Әрқайсысында 40 данадан 104 секция бар. Тәулігіне 190 кВт-қа дейін қуат көзін өндіруге қауқарлы станция жылына 1 млн 450 мың кВт электр жарығын шығарады. Яғни, 60 пәтерлі 50 үйді жарықпен қамтамасыз етеді.

Марат Танабаев, «Ақсу-энергия» ЖШС бас директоры: «Бұл құрылғылар біздің Оңтүстік өңірде күннің зениттік шеңберіне көтерілгеніне байланысты, жылдың әр мезгілінде әр түрлі өндіреді. Мысалы, қазан айынан бастап келесі жылдың қазан айына дейін бір айда 60 мыңнан 80 мыңға дейін қуат көзін өндірген.»

Құрылғылар Қытайдың «ШИНТ» компаниясынан әкелінген. Өндірілген қуат көзін реттеп, трансформаторға жіберу осы қондырғыларға байланысты. Бұл үшін адам күшінің қажеті жоқ. Мұның аты инвертор деп аталады. Мұның біреуі 500 кВт, екеуі бір мгВт.

Күн панелінен өндірген электр энергияның барлығын комбайн бокс деген қондырғы арқылы әкеліп, «Оңтүстік-Жарықтың» трансформаторына сәйкестендіріледі. Бұл – экологиялық таза өнім. Табиғатқа не болмаса адамға еш залалы жоқ. 10 см-ге дейін түскен қарды өзі ерітеді. Жарамдылық мерзімі 25 жылға дейін. Айта кетейік, осы құны қымбат құрылғыларға кеткен шығын жеті жылдан кейін өтеледі.

shymkenttv.kz