Шымкент дендросаябағында көшет егілді

289

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығы аясында – 20 ізгі іс» акциясы көшет егумен жалғасты. Шымкент қаласының дендросаябағында акциясы аясында көшеттер отырғызылды.

006

Бұл шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Аналар кеңесі мүшелері және жастар белсене атсалысты. Акция кезінде саябақ аумағына 500 түп арша көшеті егілді.

Осы күні шардаралық тұрғындар тұңғыш Президент саябағындағы ардагерлер үйі мен Жеңістің 70 жылдығына арналған ескерткіш маңына шырша екті. Жыл басынан бері Шардарада 5 мың түп ағаш отырғызылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі