Шымкент тұрғыны 2 келі апиынмен ұсталды

254

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында 43 жастағы ер азаматты 2 келіден астам есірткі затымен ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

3 сәуір күні облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел тексеру барысында Темірлан тасжолында «Нексия» маркалы автокөлікті тоқтатады. Рөлде отырған 1972 жылы туылған жергілікті тұрғынды тінту барысында полицейлер автокөлік орындығының астынан полиэтилен пакетінің бес орамасындағы есірткі затын тапты.

Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 2 келіден астам апиын шикізаты екені анықталды. Ұсталған азамат оны сату-өткізу орнына апара жатыр екен.

Қазір күдікті қамауда. Қылмыстық іс қозғалды.