Шымкенттегі № 49 сайлау учаскесінде 40 азамат үйінде дауыс берді

295

№ 49 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7:00-де бастады. Содан бері дауыс берушілердің қатары қалың. Таңертеңнен бері 45 пайыз азамат өз құқықтарын пайдаланып, өз таңдауларын жасап үлгерген. Айта өтейік, сайлау учаскесінде 3 мыңға жуық сайлаушылар бар. Оның 200-ге жуығы алғаш рет саяси додаға қатысушылар болса, қырық азамат денсаулықтарына байланысты үйінде дауыс береді.

Шымкенттегі № 49 сайлау учаскесінде 40 азамат үйінде дауыс бердіСайлау комиссиясы мен бақылаушы ілескен арнайы топ, қолайсыз ауа-райыны қарамастан үй-үйді аралады. Ең бірінші болып, Ұлы Отан соғысының ардагері Қорғанбай Елеуовтың үйіне барды. Қарт майдангер бұл топты таңсәріден бері күтіп отырғанын жасырмады. Мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, таңдауын жасады.

Шымкенттегі № 49 сайлау учаскесінде 40 азамат үйінде дауыс бердіҚорғанбай Елеуов, ҰОС-ның ардагері: «Елімнің тыныштығы, ұрпақтарымның амандығы үшін таңдауымды жасадым. Мұндай саяси додаға бей-жай қарауға болмайды, сондықтан да үйдегілерді ерте тұрғызып, сайлауға жібердім. Мен бейбітшіліктің бағасын жақсы түсінетін жанмын. Аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болғанға не жетсін. Мен таңдаған азамат-елдің сенімін ақтайды деп сенемін».

Шымкенттегі № 49 сайлау учаскесінде 40 азамат үйінде дауыс бердіКелесі аялдаған үйде мүмкіндігі шектеулі ана тұрады. Өзі аяғын басып, арнайы учаскеге бармағанына, халықтың көңіл-күйін көзбен көрмегеніне налиды. Десе де, үйіне арнайы іздеп келіп, дауыс беруге мүмкіндік жасаған жандарға алғысын айтты. Өз таңдауын жасады.

Шымкенттегі № 49 сайлау учаскесінде 40 азамат үйінде дауыс берді