Шымкенттегі батырлар қорымы жаңартылады

377

Бір айдың ішінде Шымкенттегі «Батырлар картасы» атауына ие мазар кісі танымастай өзгеретін болады. Түрлі қоғамдық ұйымдар бұған дейін бұл мәселені көтеріп, қорымды жаңартуды сұраған болатын. Енді Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында батырлар жерленген мазар жөнделетін болды. Ол үшін бюджеттен 21 млн теңге қаражат бөлінген. Құрылысын жүргізетін мердігер компания да анықталды.

004

Бұл жерде жеңіс үшін жанын қиған 53 батыр жерленген. Кеңес кезінен бері жөндеу көрмеген қорымды жыл сайын қоғамдық ұйымдар қамқорлығына алып, шама-шарқы жеткенше күтіп ұстап келген. Енді 5 мамырға дейін батырлар картасы жаңа жобаға сай жаңартылады.

Таяуда тендердің жеңімпазы атанған құрылысшылар жұмыс жоспарымен танысты. Оларға берілген жобаны №30 мектеп оқушысының ата-анасы ақысыз сызып, жақсылық жасапты. Сол жобаны облыстық бас сәулетшісі мақұлдап отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mQtnnrIETiA[/youtube]

Батырлар қорымын жаңарту үшін қаражаттың бөлінуіне қалалық мәслихаттың депутаттары да атсалысқан. Осылайша араға жетпіс салып, батырлар жерленген қорық жөнделетін болды.