Шымкенттіктерге ыстық су кешке дейін берілуі тиіс

252
Фото: //dailystavropol.ru

Осы сәттерде келіп түскен ақпарат. Шымкенттегі бірқатар шағынаудан тұрғындары ыстық сусыз отыр. Жауапты мамандар болса бұл күрделілік «3 Жылу-энерго орталығы» мекемесінің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдында қордаланған берешегіне байланысты туындаған дейді. Қарыз көлемі – бір миллиард теңгеге жуық.

Фото: //dailystavropol.ru
Фото: //dailystavropol.ru

Ал жылу берушілер бұл қарыз тұтынушылардың орталық алдындағы берешегінен жиналып отыр дегенді алға тартады. Дегенмен, екі мекеме өзара жасаған келісімге сәйкес екі күннен бері ЖЭО-на көгілдір отын қайта қосыла бастаған. Соның негізінде бүгін кешкісін көпқабатты үйлерге ыстық су беруді қалпына келтіреміз деп уәде береді мамандар.