Халықтар Достығы университетінде тыл ардагерлері марапатталды

1598

Ардагерлер ардақталып жатыр. Бүгін Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университтетінің ұжымында қызмет ететін бірқатар тыл ардагерлеріне «Құрметті ардагер» төсбелгісі табысталды. Және оқу орының 4 бірдей педагогы «Құрметті профессор» мәртебесін алды.

8079 - копия

Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы университеті үшін бүгін – айтулы дата. Себебі ұжымда қызмет ететін бірқатар тыл ардагерлерінің кеудесіне «Құрметті ардагер» төсбелгісі тағылды. Оқу орнындағы қуанышты жаңалық бұл ғана емес, тағы 4 бірдей педагогқа «Құрметті профессор» мәртебесі берілді. Марапатталушылар арасында 51 жылдық тәжірибесі бар ұстаз, химия ғылымдарының докторы, професссор Шегебай Ханходжаев та бар.

Шегебай Ханходжаев,
Шегебай Ханходжаев

Шегебай Ханходжаев, «Құрметті ардагер» марапатының иегері: «Қазіргі әсерім керемет, өте қуанып тұрмын. Бұл меің еңбегімнің еленгені деп білемін, өйткені менің шәкірттерім бүгінде профессор, доктор, бәрі де ғылыми белестерді бағындырған. Алдағы уақытта да шәкірт тәрбиелеп, оның білімді азамат болуы үшін еңбек етемін деген жоспарым бар».

Бұдан бөлек марапат иелеріне университет ректоры Рабиға Қуатбекова қаржылай сый-тарту жасады. Ұжым басшылығының айтуынша, бүгінде Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде 500-ге тарта ұстаз қызмет етіп келеді. Солардың 70 пайызы – ғылыми атағы бар білікті педагогтар. Сондықтан мұнда түрлі ғылыми байқаулар мен кеңестер жиі өтеді. Жуырда оқу орны тағы бір білім бәсекесін жоспарлап отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SK-wwq5lo8w[/youtube]

Рабиға Қуатбекова, ҚИПХДУ ректоры: «Біз мұнымен шектелмейміз. 28 мамырда 2 күн қатарынан ғылыми конференция өткіземіз. Оған шетелдің ғалымдары да қатысады. Биыл біздің университетке 15 жыл толып отыр. Мерейтой және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай кеңесті қолға алып, шәкірттеріміздің еңбектерін таныстырсақ дейміз. Және айтулы жиын біздің жаңа ғимаратымызда өрбиді, қосымша нысанға 500 миллион теңгеден астам қаржы жұмсадық».

8080

Ұжым басшылығының айтуынша, университет уақытша тоқтатылған лицензиясын жуырда қайтарып алды. Сондықтан студенттер мен ата-аналарға алаңдаудың қажеті жоқ деп отыр.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы 30 мамандық бойынша 13 мыңнан астам студент білім алып келеді.