Үсіген гүлдердің орны жаңартылды

525

Қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар аумағында жаңа ашылған «Мәңгілік ел» алаңы маңы көріктендірілуде. Ерте көктемде отырғызылған көшеттер әзірге жайқалмай тұр. Сондықтан, олардың орнына жаңадан гүл отырғызылады.

002

Осындағы 400 шаршы метрден астам жерге Сарыағашта өсірілген гүл егіліп жатыр. Оны күту жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» серіктестігіне жүктелген. Бұл бір жылдық гүлдер бірінші қар түскенше демалыс аймағына көрік беріп тұрады.

Осыдан екі ай бұрын дәл осы алаңда «маргаритка» гүлдері егілген болатын. Оның 34 мың данасы 40 теңгеден Сайрағаштағы жылыжайлардан сатып алынған еді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dsF-x_jr2Hc[/youtube]

Алайда наурызда жауған қардың салдарынан гүлдер солып қалды. Сондықтан коммуналдық сала қызметкерлері бұл алаңға қайта гүл көшеттерін отырғызды.

Шынар Оразова