Бозарыққа су келеді

142

Шымкен аумағындағы Бозарық – 1,2, 3 шағынауданының тұрғындарды мамыр айының соңына дейін толығымен таза ауыз суға қол жеткізетін болады. Бұл туралы жауапты маманда уәде беріп отыр.

Естеріңізде болса, ауылдықтар бірнеше жылдан бері жүргізілген су құбырларының сапасына шағымданып келген. Енді мердігер «Сити строй» ЖШС барлық тұтынушыларға есептегіш құрал орнатып, жарылған құбырларды жамауға кепілдік беріп отыр.

Бозарықтың өзі бұрын саяжай болғандықтан, қыс айында мұндағы тұрғындардың көпшілігі қаладағы үйлерінде тұрып келген. Сол себепті мердігерлер 3500 тұтынушының 150-не ғана су есептегіш құралдарын орнатыпты.

Нұрлан Жаңабай