Кәсіпкер өзінің қызметшісін қамауда ұстап, соққыға жыққан

331

Шымкенттегі Әл Фараби аудандық соты қаладағы ірі киім дүкендер желісінің иесін қамауға алуға үкім шығарды. Кәсіпкерге адам ұрлап, оған қорлық көрсетті деген айып тағылып отыр. Бизнес өкілі қарамағындағы қызметкер қыруар қаржының мүлкін талан-таражға салды деп, ақысын осылай қайтармаққ бел буған секілді.

Қаладағы ірі киім дүкендері желісінің иесі қол астында жұмыс жасайтын дүкендер әкімшісін тұрғын үй кешенінің автотұрағынан 29 сәуір күні алып кетеді. Содан Машат ауылындағы саяжайға апарып қамап, 2 млн теңге талап етпек болады. Дүкен иесі әкімгер өзіне тапсырылған құны осыншалықты мүлікті ысырап етті деп, оны соққыға жыққан. Жәбірленушінің айтуынша, 5 күн бойы кәсіпкер саяжайында өзін күштеп ұстаған.

002

Саяжайда қамауда болған азаматты кәсіпкер өзінің көмекшісімен барынша қинаған көрінеді. Осылай деген жәбірленуші Тахир Тахтаходжаев сол күндерді қорқынышпен еске алады. Аулаға шығарып, соңынан төбетті босатып жіберіп, ойына келгендерін жасады дейді. Қашып құтылған азамат полицияға дереу арыз жазады. Құзырлы орган қызметкерлері күдіктіге адам ұрлап, заңсыз қамауда ұстап және озбырлық көрсетті деген айып тақты.

Қазір жәбірленшіні құқық қорғаушылар қорғауға алған. Себебі, оның өміріне қауіп төнуі мүмкін көрінеді. Айта кету керек, жәбірлеуші – күдіктінің туысы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-6GWeRrFsjE[/youtube]

Қазіргі уақытта адам ұрлығына көмектескен деген күдікпен кәсіпкердің көмекшісі іздестірілуде. Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 4-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.