Кентауда 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

629

Егемендік алғалы бері Кентауда бірінші рет көпқабатты үй салынып, пайдалануға берілді. Қалада тоқсан мыңға жуық тұрғын бар. Оның бір мыңы тұрғын үй кезегінде тұрады.

004

Әсіресе, жас отбасылар мен көпбалалы жандар кезекті жылдап күтеді. Ал биыл кезек жылжыды. Аз да болса алпыс отбасы баспаналы болды. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының екі ардагері және көпбалалы отбасы бар.

Жаңа пәтерлі болғандардың арасында мемлекеттік қызметкер мен жас отбасыларда кездеседі. Көпқабатты үй «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Үйлі болғандырды бірінші болып қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев құттықтады. Салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады.

005

Айта өтейік, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үй 4 мың шаршы метрді құрайды. Көппәтерлі үйге республикалық бюджеттен 387 млн 225 мың теңге бөлінген. Үйдің құрылысын «Ақ Жол» мекемесі жүргізді. Сапасы стандартқа сай дейді мамандар.

Бұған үйлі болғандар да көз жеткізді. Солардың бірі – Райхан Зайнешева. Ол тұрғын үй кезегінде 13 жыл тұрғанын айтады. Бұл күнді көп күткенін көзіне жас ала айтып берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TvdKuO9YDQc[/youtube]

-Балам он үште болатын. Содан бері кезекте тұрмыз. Ел қатарынан қалмайық деп, пәтер жалдап тұрдық. Үй беретіндеріне сенімсіздікпен қарадық. Үмітіміз үзілмеді. Енді, міне, үш немерелі болғанда жаңа пәтерге ие болдық. Келінімнің қуанышында шек жоқ. Жастар жоқтыққа шыдай алмайды. Енді өз баспанамыз бар. Берекеміз қашпайтын болды,-деп ағынан жарылған Райхан апай жаңа пәтерін асықпай аралап шықты.

Мұндай қуанышқа кенелгендерді тағы бірі – Зәуре Мұсабаева. «Күміс алқа» иегерінің алты баласы бар. Осы уақытқа дейін туыстарының табалдырығын сығалып келгендер сол күні-ақ ақ дастархан жайып, көпшілікпен қуанышын бөлісті. Балалары жалтақтамай өз үйінде өсетіндеріне қуанды.

006

Қала басшысы өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаның жалғасын табатын айтты. Айтуынша, биыл тағы да алпыс пәтерлі екі үйдің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап қойған. Келер жылы қаржыландыру мәселесі шешіледі деген үмітте.