«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушылар назарына!

317

«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушылардың назарына! Шеруге қатысамын деушілер 9 мамыр күні таңғы сағат 8:00-де «Делфин» аквасаябағының алдында жиналады. Мерекеге байланысты Желтоқсан көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойында көлік қозғалысы жабылады.

004

Сондықтан қала тұрғындарын халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келулерін сұранамыз. Көліктерін осында тастап, Абай саябағы ішіндегі «Дельфинніңә алдына жиналуға болады.

«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысу үшін соғысқа қатысқан туысыңыз бен жақыныңыздың А3 форматтағы портретін алып келуді де ұмытпағайсыз. Егер суреті сақталмаған жағдайда сарбаздың аты-жөні, атақ-дәрежесі, туған жылы мен дүниеден өткен жылын жазып алып шығуға да болады.

Осы арада синоптиктер күн райының бұзылуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Сол үшін қолшатырыңызды ұмытпағайсыз. Шеру соңында мемориалға гүл шоқтарын қою да жоспарланған.