Оқушыны өлтірген жасөспірімнің соты басталды

319
Фото: //novayagazeta-ug.ru

Шымкентте 10 сынып оқушысын өлтірген шардаралық шәкіртке қатысты сот басталды. Жасөспірімге 99-баптың 14-бөлімі бойынша айып тағылып отыр. Алғашқы сот отырысына марқұмның және сотталушының сыныптастары қатыстырылды.

Осы сот процесіне қатысу үшін Шардарадан бір топ оқушы Шымкентке келді. Кісі өліміне куәгер болған оқушылардың түсініктемесі соттың істі қарауына негіз болмақ. Марқұм Алпамыс Тәжібаевтың ата-анасы да осында. Ал айыпталушы 15 жасар Алихан Асан жүзін жасырумен әлек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YN7_F8tFKao[/youtube]

Мұрат Ибраев, ОҚО прокуратурасының қылмыстық істердегі мемлекет мүддесін қорғау және сот актілерінің заңдылығын бақылау басқармасының аға прокуроры: «Асан мен 10-сынып оқушысы бірінші сабақтан кейін ерегісіп қалады. Содан кейін екінші сабақ бітіп, қоңырау соғылады. Сағат 10:30 да оны тыста 3 бала күтіп тұрады. Олардың арасында Алпамыс Тәжібай да бар. Асан үшеуін көріп, арам ойға кетеді. Қалтасынан пышақ алып, Жақсылықтың оң аяғынан ұрмақ болады. Кенет Алпамыстың жүрек тұсынан пышақ салады. Сонымен, Алихан Асан кісі өліміне қатысты айыпталып отыр.»

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Шардарадағы 1 мектепте жоғары сынып оқушыларының арасында киікілжің туындаған. Жанжал нәтижесінде 10 сынып оқушысы көкірек тұсынан пышақ жарақатын алған.

Еске сала кетейік, биылдың қаңтар айында Шардардағы мектептердің бірінде жоғарғы сынып оқушылары арасында өзара кикілжің туып, соңында 15 жасар Әлихан Асан 16 жасар Алпамыс Тәжібайдің көкірегіне пышақ сұғып, 10 сынып оқушысы сол жерде мерт болған еді. Орын алған оқиғаның себеп-салдарына ұстаздар мен мектеп оқушылары да үңіліп көруге тырысқан. Мектеп директоры дау-дамай шәкірттердің ерегісінен туындаған деп отыр.

Ханзура Мырзабаева, Шардара қ. М.Әуезов атындағы № 1 мектептің директоры: «10-сынып оқушысы 9-сынып оқушысын шешесінен боқтаған. Ал бұл жеткіншектің анасы 2003 жылы қайтыс болған. Сондықтан анасының атын қорғаймын деп сес көрсеткен. Бұл ұрыс бір күн бұрын болған.»

Енді қайғылы жағдайдың ақ-қарасын сот ажыратуы тиіс. Кінәсі дәлелденсе, айыпталушыға 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.