Оңтүстік спортшылары Азия чемпионатынан жүлделі оралды

645

Күні кеше Ташкенте өткен каратэ-додан Азия чемпионатында Оңтүстік Қазақстан облыстық жекпе-жек спорты шеберлігі мектебінің шәкірттері жүлдемен оралды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

003

18 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысқан чемпионатта Қазақстан құрамасынан 25 спортшы бағын сынады. Осы додада оңтүстікқазақстандық Алдияр Мелдеханов алтын медаль, өңір спортшылары екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

002

Дүбірлі жарыста спорт шеберлері мектебінің шәкірттері қол жеткізген көрсеткіштер:

• Алдияр Мелдеханов (75 кг) ‒ І орын
• Репин Николай (84 кг) ‒ ІI орын
• Утепқалиева Динара (50 кг) ‒ ІI орын
• Степанец Александр (67 кг) ‒ ІII орын
• Утельбаева Мадина (61 кг) ‒ ІII орын

Жерлестеріміздің жеңісі құтты болсын! Жеңімпаздарымыз алдағы уақытта да осындай биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз.