Оңтүстікте қайырымдылық акциясы кезінде 10 миллион теңге жиналды

345

Облыста өткен қайырымдылық акциясында 10 миллион теңгеге жуық қаржы жиналды. Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардағым – ардагерім» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

002

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жиналғандарды мерекемен құттықтап, өңір жұртшылығын қайырымды іс жасауға шақырды.

003

2015 жылғы сәуір айында облыстық ардагерлер кеңесі өңір тұрғындарына арнайы үндеу жолдап, әлеуметтік жағынан аз қорғалған соғыс және тыл ардагерлеріне қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Осы бір ай мерзім ішінде облыс жұртшылығы қорға 6 млн теңге аударса, бүгінгі шара кезінде түрлі мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарынан үш миллион теңгеден астам қаржы жиналды.

005

Шараны ұйымдастырған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов қайырымдылық акциясына қатысып, қолдау білдірген барша оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, жиналған он миллионға жуық теңге мүгедек және әлеуметтік жағдайы төмен ардагерлерге берілетінін мәлімдеді. Қайырымдылық шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

007

004