Оңтүстіктің ардагерлеріне баспана кілті табысталды

267

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 12 ардагерге пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FpyxSLGw1HA[/youtube]

Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» мерекелік шарасы барысында өңір басшысы Асқар Мырзахметов 28 ардагерге мемлекеттiк наградаларды табыстап, Ұлы Отан соғысының 12 ардагеріне баспана кiлтін берді.

003

Салтанатты жиынға қатысушылар алдымен Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы мен Сабыр Рақымов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін барлығы Жеңіс саябағындағы «Ерлік» мұражайына жиналды.

006

Саябақ ішінде екімыңнан астам жәдігер қамтылған «Оңтүстік өлкесі қаһарлы жылдарда», «Соғыстың қатыгез бейнесі», «Азат етуші майдангерлер» атты үш бөлімнен тұратын көрме ұйымдастырылды.

-Елімізде Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасалуда. Жеңіс мерекесі қарсаңында оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің ерліктері жайлы естелік кітаптар жарық көрді. Онда Ұлы Отан соғысына өңірімізден соғысқа аттанған 140 мыңнан астам аға буынның деректері жазылған, – деді А.Мырзахметов.

005

Мереке қарсаңында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Елдік ‒ елге мұра», «Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар», «Ұлы Отан соғысына қатысқан оңтүстікқазастандық жауынгерлер» атты кітаптардың тұсауы кесіліп, ардагерлерге тарту етілді.

001

Сондай-ақ, облыстағы театр актерлары «Соғыс оты тұтанды», «Әскерге алыну», «Баласын күткен аналар», «Майдан даласы» атты далалық қойылым ұсынылды.

004