Облыс әкімі қайта тағайындалды

206

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өз қызметіне қайтадан тағайындалды. Өңір басшысының кандидатурасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясында белгілі болды. Депутаттар назарында жалғыз мәселе қаралды. Ол – өңір басшысын тағайындау болатын.

004

Қазіргі әкіммен 2009 жылдан бері қоян-қолтық қызмет жасаған халық қалаулылары Асқар Исабекұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Өйткені, атқарылған жұмысқа жұртшылық куә. Оңтүстікқазақстандықтардың тұрмысы жасқарып, әсіресе, Шымкенттің соңғы кезде құлпыруы,  республикада үшінші мегополис атануы облыс әкімінің іскерлігі мен ұйымдастыру қабілеті арқасында жеткен жетістігіміз дейді халық қалаулылары.

Сенім артқан Елбасы мен халық қалаулыларына алғысын білдірген Асқар Мырзахметов облыс әкіміне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға уәде етті.

Шынар Оразова