Отбасылы келіншектен ақша бопсалаған жігіт ұсталды

478

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары өз танысынан ақша бопсалаған деген күдікпен Шымкент тұрғынын ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Шымкент қаласының 28 жастағы азаматшасы арызданып келіп, бір танысы одан қорқытып ақша талап етіп жатқаны жайлы айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жүрген 25 жастағы жігітпен 2013 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желі арқылы танысқан екен.

Жаңа танысымен кездесу кезінде сол мезетті пайдаланған жігіт соңынан сурет құрастыру үшін құрбысын бірнеше рет фотосуретке түсіріп алыпты. Кейін сол фотосуреттерді келіншектің күйеуіне көрсетемін, интернет желісіне жайып саламын деп қорқытады. Ақша бопсалайды.

002

Содан жәбірленушіні жігітке 1,5 миллион теңге береді. Арада біраз уақыт өткен соң ол жігіт тағы да қоқан-лоққы көрсетіп, жәбірленушіден 70 мың теңге талап еткен.

Бопсалағыш жігітті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері осы ақшаны алу кезінде тырп еткізбей ұстады.

003

Одан айғақты зат ретінде ақша, бейне және фото материалдар тәркіленіп отыр. Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде осыған ұқсас, жас қыздарды қорқыту арқылы ақша талап ету қылмысы бойынша 2 жайт тіркелген.

Осы арада полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қырағы болуға және өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желі арқылы танысудан сақтануды ескертеді.