Шатқалға шыққан әйел биіктен құлап, мерт болды

543

Оңтүстік Қазақстан облысында тауға демалысқа шыққан әйел құлап қайтыс болды. Бұл жайында облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

002

Қайғылы оқиға Төле би ауданындағы Ақмешіт шатқалында орын алған. Демалысқа 20 адамнан құралған топ шығыпты. Табиғат аясына қыдырғандар өзен бойын жағалап, тауға шықпақ болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=B61sIpyg1aM[/youtube]

Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте 1954 жылы туған әйелдің аяғы тайып, 15 метр биіктен құлап кетіпті. Сөйтіп, өзен жағасында мерт болады. Туыстары оның денесін өздері алып шыға алмағандықтан, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болады.

001

Мамандар альпинистік құралдардың көмегімен төмен түсіп, мәйітті алып шықты. Оқиға орнына құтқарушылармен бірге полиция қызметкерлері де келген.