Шымкент қаласының әкімі ардагерлерге мерекелік дастархан жайды

481

Ардагерлер ардақталып жатыр. 7 мамыр қала әкімі Дархан Сатыбалды Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайды. Мейрам кейіпкерлері құрметіне арналып қазан асылып, ас-ауқат пен тәттілер үлестірілді. Соңынан концерттік кеш ұсынылды. Ал Жеңіс күнін жақындатқан ардагерлер би билеп, ән салып мейрамның мерейін асырды.

11114204_1842995249257931_1968882781076035484_n

Анна Шалья, Ұлы Отан соғысының ардагері: «Жеңіс – бұл үлкен мереке! Балалығымыз, жастығымыз қиындықпен өтсе де қазір оған өкінбеймін! Себебі, біздің әскер жауды жықты, ұрпаққа жеңісті сыйлады! Қазіргі Қазақстанның қарулы күштеріне қарап марқаямын. Біздің әскер, біздің жасақ қай кезде де үздік! Жігерлі! Рухы мықты! Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз есті ұрпақ тәрбиелеп келеді, шүкір! Ал қала әкімі бізді осылай құрметтеп шақырып отыр, рахмет. Дастарханға емес, олардың бізге деген құрмет-ықыласын көріп толқып, мақтанып қалдым.»

Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Ардагерлерге қандай құрмет жасасақ та жарасады. Бүгінгі таңда майдангерлерге қаржылай сый тағайындалып отыр. Және материалдық көмектер тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, мемлекетіміз ардагерлердің ерлігін ескерді. Бүгінгі біздің және жас буынның осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз үшін сол кісілерге алғыс айтуымыз қажет. Олардың әрбір ерлігі тарихта қалуы маңызды, себебі ерлік ешқашан да ұмытылмауы тиіс».

11205560_1842995135924609_7958074987041204657_n

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 184 ардагері бар. Және 5769 тыл еңбеккері өмір сүреді.