Шымкентте жаңа КамАЗ сатылуда

504

Шымкентте Евро 5 стандартына сай келетін жаңа «КамАЗ» жүк көлігінің таныстырылуы өтті. Әмбебап көлік әлемдік деңгейдегі осы типті техникалардан қалыс қалмайды.

001

Жүк көлігінің ерекшелігі сол, кабинасының іші қолайлы. Қалааралық, керек десеңіз, халықаралық сарапға шығуға болады.

Жаңа «КамАЗ» жүк көлігі жүргізушілердің талаптарына сәйкестендіріліп жасалыпты. Яғни, толық электрмен жабдықталған, екі қатарлы тынығатын орны бар. Жолда зерікпес үшін соңғы технологиялы әуен құрылғысы тағы бар.

002

«КамАЗ Евросервис» компаниясы сауда нарығында 15 жыл бойы табысты жұмыс жасап келеді. Қызылорда, Жамбыл, сондай-ақ ,Оңтүстік Қазақстан облыстарында сервистік орталығы бар бірегей компания. Көліктерді тек сатып қана қоймайтын орталық техникалық байқау, сервистік қызмет те ұсынады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XaO6rt2okls[/youtube]

Тұтынушыларға тағы да жағымды жаңалық. «КамАЗ» жүк көлігінің бағасы баламалы түрде 30 пайызға арза. Бұған қоса 2 жылдық сапа кепілдігі беріледі.