Шымкенттің жастары «Жеңіс рекорды» спорттық акциясын өткізді

616

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Жеңіс рекорды» патриоттық-спорттық акциясы өтті. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері хабарлайды.

004

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Шымкеттегі Әл Фараби алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі үшін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында еліміздегі теңдессіз «Жеңіс рекорды» спорттық-патриоттық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында жастар 70 000 рет «отжимания» жасады.

002

Акцияға Шымкент қаласының әкімшілігі, «Шымкент жастары» мекемесі, «Sky picture» компаниясы, «April» жарнама агенттігі және «Жас бүркіт» жастар ұйымы белсенді қолдау білдірді.

005

006