Күн тәртібінде – құрылыс сапасы

431

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының басшысы Қ.Жамашев мәлімдеме жасады.

004

Бүгінде басқарма бақылауында 410 бюджеттік, 327 коммерциялық нысан бар. Басқарма тарапынан 164 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 59 бюджеттік объектіге қатысты әкімшілік шара көрілді.

Жалпы үш айдың қорытындысы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын бұзған жеке немесе заңды тұлғаларға құрылыс инспекторлары тарапынан 102 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның тоғызына шара көру үшін сотқа жолданған. Басқарма тарапынан салынған жалпы әкімшілік айыппұлдың сомасы 15 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар алты айға аттестаттары тоқтатылған техникалық қадағалаушы 12 маман әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 400 мың теңгеге жуық айыппұл салыныпты.

Басқарма тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды қорытындылаған Қ.Жамашев өңірде құрылыс сапасын арттыру бағытында жұмыс атқарылуда деді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі