Мұнай ұрлағандар ұсталды

380

Ордабасы ауданының полицейлері мұнай ұрлаумен айналысқан екі азаматты ұстады. Олар – Қызылорда облысы мен Мақтаарал ауданының 55 және 27 жастағы тұрғындары. Әзірге күдіктілердің мұнай ұрлығы бойынша 5 фактіге қатысы бар екені белгілі болып отыр.

333

Күдіктілер магистральды мұнай құбырларының бір бөлігін кесіп, ұрланған сұйық отынды цистерналы автокөлікпен әкетіп жүрген. Осылайша оңай жолмен тапқан қомақты ақшаны қажетіне жаратуды жоспарлапты.

666

Қазір осы жәйтке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, ұсталған екеудің бұған дейін де екі рет осыған ұқсас ұрлық жасап, сотты болғаны анықталды.

444