Мұрат Әбенов – «Отырар» медиахолдингінде

«Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің, «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов «Отырар» медиахолдингіне арнайы келді. Телеарна, қос газет және екі сайт ұжымының тыныс-тіршілігімен танысқан төраға бұдан кейін тікелей эфирде шығатын «Жаңа күн» бағдарламасында қонақ болды.

002

Студия қонағы «Серпін-2050» бағдарламасы туралы кеңінен әңгіме қозғады. Соның ішінде аталған жоба арқылы бөлінетін грант пен мамандықтар саны, құжаттарды қабылдау орындары мен ережелеріне жіті тоқталды.

Тікелей эфир арқылы өрбіген бағдарламада Мұрат Әбдуламитұлы көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді.

IMG_1790

Осы ретте айта кететін жайт, былтыр бастау алған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы халық саны көп өңірлерде, жастардың жұмыс күші жеткілікті, алайда тұрғындар саны аз аймақтарда тегін білім алуын қамтамасыз етіп, жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған.

Бұл жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектер үшін таптырмас қолдау болып табылады. Жоба биыл да жалғасын табады. Тек жоғары оқу орнына бөлінетін грант саны 5 мыңнан асады. Ал колледждерде 1200 жастың тегін білім алуына мүмкіндік беріледі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WrYt_A_TWO4[/youtube]

Былтыр бөлінген 2050 гранттың 800-ден астамын оңтүстікқазақстандық жастар иеленген болатын.

Айтпақшы, бүгін сағат 16.00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар орталығы ғимаратында (бұрынғы С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде) Мұрат Әбенов өңір жастарымен кездесу өткізеді.

Кездесу соңында Мұрат Әбдуламитұлы жастарды «Серпін-2050» жобасы арқылы мәселелерімен қабылдау өткізеді. «Серпін-2050» жобасы ақылы толық ақпаратты www.serpin-2050.kz сайты арқылы білуге болады.