Мақталы өңірдің мәдениеті дамып келеді

715

«Мақтаарал – өнер ордасы». «Мәдениетім – мерейім» байқауының кезекті кешін мақталы ауданнан келген ағайын жалғады. Сайыс аясында өнерпаздар қолөнер бұйымдарын ұсынып, халық әндерін шалқытты.

Мақтаралдық үміткерлердің өнерін тамашалауға қала тұрғындары мол. Жерлестеріміздің назарына алдымен қолөнер көрмесі ұсынылды. Қазақтың төл туындыларынан бастап қазіргі заманға тиселі құндылықтарды да кезіктіресіз. Тіпті мұнда көпшіліктің көз алдында шеберлік-сабағын жүргізгендер де табылды.

Мақталы ауданның мәдениет бөлімі керемет кешті халыққа ұсыну үшін жыл бойы дайындалған. Бұл күні қазақтың фольклорлық өнерінен бастап хор, дәстүрлі ән сынды жанрлары шырқалды. Ұмыт қалып бара жатқан сазды аспаптар қайта жаңғырды.

IMG_1572

Мерейтой құрметіне қолға алынған кешке тамашалаған көрермендерді, әсіресе, аудандық емхананың дәрігерлері шырқаған әндері қызықтырды. Көпшілік олардың өнерге деген риясыз құрмет-ықыласына куә болды.

Концертке 300-ден астам өнерпаз жұмылдырылған. Бірақ шара мұнымен ғана емес, көптеген жас өнерпаздардың осы сахнада тұсауының кесілуімен де ерекшеленді. Айта кетейік, облыстық «Мәдениетім — мерейім» байқауының қорытындысы 6 шілде – Астана күні мерекесінде белгілі болмақ.