ОҚО әкімі суретші Никас Сафроновпен кездесті

296

Облыс әкімі А сқар Мырзахметов бейнелеу өнері мұражайында Ресейдің еңбегі сіңген суретшісі, Ресей суретшілер академиясының академигі Никас Сафроновпен кездесіп, суретшінің шығармашылығымен танысты.

003

Кездесу барысында өңір әкімі оңтүстіқазақстандық өнерсүйер қауым мен тұрғындары атынан қонаққа алғысын білдіріп, кәде сый табыстады.

‒ Бұл шара өңіріміздегі жас таланттардың шыңдалуына тың серпін беретініне сенімім зор. Оңтүстік Қазақстанның топырағынан 80-нен астам суретшілер одағының мүшесі шықты. Олар жасаған 700-ден астам туынды біз кездесіп отырған мұражай қорын толықтырып отыр. Біз өзіңіз секілді талғампаз таланттың Оңтүстік өңірде авторлық көрмесін өткізіп отырғанына дән ризамыз, ‒ деді А.Мырзахметов.

001

Өз кезегінде Никас Сафронов көрмені ұйымдастыруға қолдау білдірген облыс басшысына алғысын білдіріп, шығармаларының бірін тарту етті.

004

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі