Оңтүстікте 786 мешіт бар

186

ОҚО-да 800-ге жуық мешіт халыққа қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында БАҚ өкілдеріне берген баспасөз мәслихатында айтқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек Рамазан айында төрт мыңға жуық отбасыға облыстық мешіт тарапынан қайырымдылық көрсетілетінін хабарлады.

006

Діни басқарманың атқарып жатқан жұмыстары мен қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері мен имамдардың діни сауаттылығы мен өзге де мәселелер туралы баяндаған бас имам облысымыздағы 786 мешіт жанында 286 сауат ашу курсының жұмыс жасайтынын, онда 12 мыңнан астам тыңдаушылар бар екенін хабарлады.

Облыстық дін істері және ішкі саясат басқармасының қолдауымен сәуір-маусым айларында Сарыағаш медресесінде 87 имам, Шымкент медресесінде 125 имам апталық семинарда оқып, діни білімін арттырған. Қыркүйек айында жалғасын табатын бұл семинарда өңірдегі мешіттерде қызмет ететін 1077 имам біліктілігін жетілдірмек. Түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу бағытында облыстық мешіт үш айда 108 кездесу өткізіп, оған 10 мыңнан астам азамат қатысқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі