Облыс әкімі өндіріс орындарын аралады

432

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов облыс орталығындағы өндіріс орындарында болып, олардың алдағы даму жоспарын талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңір басшысы бастаған топ алдымен «Оңтүстік» индустриялды аймағына барып, құны 76,5 млрд теңге болатын 71 инвестициялық жобаның іске асу барысын пысықтады. Сондай-ақ, аймақты абаттандыру бағытында жасалатын жұмыстардың жоба-жоспарымен танысты.

007

Облыс әкімі аймақ дирекциясы мен жауапты мамандарға өңірде өндірілетін өнім түрлері мен іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайлы осы аймақта арнайы көрме ашуды тапсырды.

А.Мырзахметов еліміздің өзге өңірлерінде жоқ аймақтың Оңтүстікте жұмыс жасап келе жатқанын айтып, алдағы уақытта қосымша инвестиция тарту, тың жобаларды игеру және осында қолға алынған жобаларды дамыту жайына ерекше тоқталды.

Бұдан кейін жұмысшы топ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы мен мақта целлюлозасын өндіретін «Хлопкопром-Целлюлоза» кәсіпорнында, «KazBioLife» гофрокартон өндірісінде және кешенді жіп иіретін «Оски текстиль» фабрикасында болды.

006

Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына арнайы келген өңір басшысы осында құрылысы аяқталған аудандық, қалалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік мектептерінің мамандарымен онлайн режимде тілдесті. Байланыс барысында аудандар мен қаладағы кәсіпкерлік мектептерінің қызметкерлері өздерінің жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.

010

Сапар соңында облыс әкімі салалық басқарма басшылары мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

008