Шымкентте нан қымбаттады

369

Шымкентте нан бағасы қымбаттады. 9 маусым күні жауапты мамандар бұл ақпаратты ресми түрде растады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, ас атасының қымбаттауы бидай бағасының өсуімен байланысты. Өйткені әр тоқсан сайын бидайдың құны 4,1 теңгеге көтеріліп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=op1WkredNgY[/youtube]

Осыны ескерген Үкімет басындағылар нанның бағасын төрт жақты келісіммен көтеру керек деп шешкен. Яғни, әлеуметтік бір бөлке нанның бағасы 37 теңге болды.

Сондай-ақ, осы уақыттқа дейін салмағы 50 келілік ұнның бағасы 3000 теңге болса, енді ондай қап 3200 теңгеге сатылуда.