Шымкенттегі «Ладушкиден» өрт шықты

388

Шымкенттегі «Ладушки» кондитерлік желісінен өрт шықты. Бұл туралы суыт хабар 101 нөмірі бойынша кезекші бөлімге кешкі сағат 17:30-да түскен.

004

Байтұрсынов және Жандосов көшелерінің қиылысындағы «Ладушки» дүкен-дәмханасы өртеніп жатыр. Дәл сол жерде облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесі болғандықтан, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына лезде жетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=eoZyHc1eLbo[/youtube]

«Ладушкидің» шатыры өртенді. Тілсіз жау 40 шаршы метр жерді шарпыған. Қаладағы басқа да өрт сөндіру бөлімдерінен арнайы техникалар келіп жатты. Сол жерде өрт сөндіру қызметінің штабы да құрылды.

005

Жалпы, осы өртті сөндіруге 9 арнайы техника мен 55 жеке қрамның қызметкері қатысты. 350 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Қазіргі таңда тілсіз жау толық ауыздықталды.

Дәмхананың ішінде отырған жас жігіт көк түтінге уланып қалды. Дегенмен, ол өзіне алғашқы көмек көрсетілген соң ауруханаға жатудан бас тартты.