Ынтымақта мәселе көп…

338

Шымкенттің іргесіндегі Ынтымақ елдімекені тұрғындарының қуанышы ұзаққа созылмады. Жақында мұндағы 1200-ден астам үйге электр қуаты тартылады деген жақсы хабар жеткізілген болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=B8aeRTSThCw[/youtube]

Бірақ, жергілікті жұрт әлі күнге жарыққа жарымай отыр. Себебі қазына қаржысы есебінен орнатылған шағын станцияның электр реттегіш қондырғысы қолды болыпты.

004

Ынтымақтағы жұрттың мәселесі шаш етектен. Елдімекен көшелеріне қадау-қадау бағаналардың орнатылғаны қашан. Бірақ, халық әлі күнге жарыққа жарымай отыр. Жауаптылар бағаналарды тартқан мердігер міндетін толық орындады деп ағынан жарылды. Нысанды, тіпті, қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қабылдап та қойған. Алайда жергілікті жұрт осындай шалағайлықтан шаршадық деп отыр.

Күрмеуі күрделі мәселені шеше алмай Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері мұнда күнде келеді. Әу баста бұл жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатында үлестіріліп берілген. Содан кейін бірден баспана салынып кетіпті. Енді сол нысандардың құжаттарын заңдастыру қиынға соғып тұр. 70 пайызына үкімет тарапынан шектеу қойылған. Сол себепті бұл шағынауданға инфрақұрылым жүргізу үшін қазынадан қаржы қарастыру да мүмкін болмай тұр.

004-1

Бас қатырған мәселесі шаш-етектен тұрғындар осымен кезекті мәрте әкімге талап-тілегін білдірді. 1200-ден астам тұрғыны бар елдімекенде емхана, мектеп пен балабақша да жоқ. Оған жол азабын қосыңыз. Бірақ бұны шешуі тиіс әкімдіктің әзірге әрекеті мардымсыз болып отыр.

Нұрлан Жаңабай