Қонаев даңғылында тағы ірі жол апаты орын алды

253

Шымкенттегі Қонаев даңғылының бойында тағы бір ірі жол апаты болды. Бұл жолы да бір көлік жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуы салдарынан екінші көлік бүлінді.

Оқиға түнгі сағат 1-ден асқанда болды. «Мотор» клубына жақын жерде Тойота Камри және Субару автокөліктері соғысып қалды.

Субару көлігінің Желтоқсан көшесі жақтан шығып, даңғылдың бойымен Рысқұлов даңғылына қарай келе жатса, Тойота қарсы бағыттан бет алған. Кенет Тойота көлінде отырған жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, жолдың ортасындағы темір қоршауды қирата кіреді. Сол екпінмен бірнеше түп шырша ағашын жұлған Тойота бір аунап тұрады.

Сол күйі даңғылдың қарсы бетіне шығып кетіп, келе жатқан мені соқты дейді Субарудың жүргізушісі. Тойота көлігінің сау-тамтығы қалмады. Қайта қалпына келтіруге жарамайды. Осынша қираған көліктен жүргізуші аман қалыпты. Куәгерлердің айтуынша, ол Тойотаның алдыңғы нөмірін алып, қашып кеткен.

Дегенмен, жол апаты болған жерде көліктің артқы нөмірі қалып қойды. Қазір сол мемлекеттік белгі бойынша полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

008

009

010

011

012

013

014

015

016

017

018