Қызылқұм каналына жас жігіт ағып кетті

783

28 шілде күні кешкісін кезекшілерге суға батқан адам жайлы суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандардың мәліметінше, Қызылқұм каналына жас жігіт батып кеткен. Сағат 19:05-те Шардара станциясынан ОҚО ТЖД құтқару жасағының бес маманы аттанады. Олар қайғылы оқиға болған жер – Алатау батыр ауылдық округіне бір сағат уақыт шамасында жеткен.

012

Құтқарушылар суға сүңги сала 15 минуттан кейін судың түбінен жас жігіттің денесін алып шықты. Марқұмның жасы 24-ке енді толған екен. Алматыда тқрады, Шардара ауданына қыдырып келген.

Бұл – жыл басынан бері Оңтүстікте суға қатысты болған 39-қайғылы жағдай. Көбінесе адамдар шомылуға тыйым салынған жерде және жүзе білмегендіктен мерт болуда дейді төтенше жағдай қызметкерлері.