Астана күніне тарту – 75 нысан!

272

Оңтүстік Қазақстанда «Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы басталды. Аталған мереке қарсаңында облыста 75 әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

005

Бүгін акция аясында Төле би ауданында облыс әкімі А.Мырзахметовтың қатысуымен 24 нысан ашылуда. Мұндағы 13 елдімекенде табиғи газ, 8 елдімекенде ауызсу жүйелері қолданысқа беріледі.

007

Сонымен қоса аудандық кәсіпкерлік мектебі мен Бейнеткеш ауылындағы 175 оқушыға лайықталған мектеп, Леңгір қаласындағы құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттың 150 орынды жатын жайының құрылысы аяқталып, тапсырылуда.

007

1-4 шілде аралығында облыстағы 14 аудан, қалада бірдей үлгіде бой көтерген кәсіпкерлік мектептері пайдалануға берілсе, 14 елдімекенде (37 мыңға жуық тұрғын) табиғи газ, 8 ауыл (18 мыңға жуық тұрғын) ауызсу жүйелеріне іске қосылады.

008

Сондай-ақ, 19 білім беру нысаны (13 мектеп, 2 балабақша, 2 интернат жатақханасы, 2 колледждің оқу өндірістік базасы мен 300 орындық концерт залы) ашылмақ.

Бұған қоса 339 пәтерлі көп қабатты 5 тұрғын үй, 3 спорт нысаны, 3 электрмен қамтамасыз ету нысаны, 2 демалыс аймағы, 1 мәдениет үйі, 1 балалар шипажайының қосымша ғимараты, 1 сарқынды суды тазалау кешені іске қосылса, 1 тоқыма фабрикасы, 1 арматура зауыты, 1 қоқыс өңдеу зауыты, 1 трактор зауыты жұмысын бастайды.