Білім грантына құжат қабылдау басталды

521

Қазақстан аумағында мемлекеттік білім гранты үшін таласқа түсетін талапкерлердің құжатын қабылдау науқаны басталды. Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеуге қатысып, шектік көрсеткіштен жоғары балл жинаған талапкерлер енді 4 бірдей қала мен университетті таңдап, байқауға қатысуға мүмкіндік алды.

Алғашқы күннің өзінде қабылдау комиссиясына келіп, «Серпін» бағдарламасы бойынша Солтүстікке білімін жетілдіруге тілек білдірушілер көп болды.

Талапкерлердің айтуынша, теріскейде оқу анағұрлым тиімді. Білім алумен қатар жатақхана мен оқулықтар да ақысыз беріледі. Ал қабылдау комсиссиясының өкілдері биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 5000 білім гранты бөлінгенін мәлімдеді.

Соның 3000-ы – техникалық салаға, 1500 – педагогика, 300 – ауыл шаруашылығы, 200-і мал дәрігері мамандықтарына қаралған. Ал мемлекеттік гранттардың ең көбі техникалық салаға бөлініпті. 480 грант.

Гүлмира Арапова, қабылдау комиссиясының өкілі: «География пәнін таңдағандарға, яғни, туризмге өте көп грант бөлінген – 325 орын. 244-і – қазақ тобына, орыс тобына – 81. Су ресурстарына қаралған білім грантының саны да 175-тен кем емес, педагогикалық мамандықтарға былтырғымен салыстырғанда аздау. Өйткені «Серпін» бағдарламасына байланысты».

Биыл ел аумағында талапкерлер үшін бас-аяғы 33 000 грант қаралған. Оның 270-і – мал шаруашлығы, 340-і – ауыл шаруашылығы, ал құрылыс саласына 453 грант бөлініпті. Ал ұстаздық жолды таңдаған талапкерлерге 3689 орын бар. Медицинаға 2864 грант белгіленген. Айта өтейік, мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады.