Екі күнде 5 адам суға кетті

397

Облыста екі күнде 5 адам суға кетіп, ажал құшты. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері хабарлайды.

003

Мақтаарал ауданындағы Фердоуси елдімекендегі каналдың жағасында үш қыз ойнап жүріп, бірінің аяғы тайып кетеді. Оны құтқармақ болған екі қыз да суға кеткен. 7,11 және12 жасар үш жасөспірімнің денелері 1 жарым- 2 метр тереңдіктен табылды.

Ал Түркістан қаласына жақын маңда Амангелді ауылының 59 жастағы тұрғыны балық аулаймын деп тілсіз жаудың құрбаны болды. Бұдан кейін Сырдария өзеніне 19 жастағы жігіт ағып кетті. Олардың денелері табылып, жақындарына тапсырылды. Құтқарушылардың айтуынша, барлық оқиғаларда да адамдар шомылуға қатаң тыйым салынған жерлерге суға түскен.

Сонымен, биылғы қайғылы жағдайдан көз жұмған адам саны 30-ға жетті. Соның 16-сы – жасөспірімдер.