Күн тағы да ысиды

359

Төтенше жағдай қызметкерлері алдағы күндері ата-аналар балаларына бақылауды күшейткені жөн деп ескертеді. Өйткені Оңтүстікте күн қатты ыстық болады.

002

Синоптиктердің болжамы бойынша сәрсенбі-бейсенбі күндері өңірде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Өткен жылмен салыстырғанда биыл ауа райы2 градусқа жоғары. Тиісінше жаз құрғақ әрі ыстық басталды.

Тек аптаның соңында ғана температура көрсеткіші аздап төмендейді. 5 градусқа. Сондықтан дәрігерлер егде жастағы адамдарға күн астында ұзақ жүрмеңіздер деп ескертеді.