Көлікшілер мерекелерін атап өтті

514

31 шілде күні көлік саласының қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Жолаушыларға сапалы қызмет атқаруда теміржолшылар мен қоғамдық көлік компаниялары міндеттерін жоғары деңгейде орындауға тырысуда.

006

Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету бағытында теміржолшылар да аянбай еңбектенуде. Шойын жолда замануи жабдықталған техникалар да қолданысқа енгізілген. Қалааралық бағытта бүгінде Түркістанға теміржол автобустары қатынайды. Машинистің көмекшісі қызметін атқарғанына бір жыл толған Жасұлан Сүлейменов әріптестерін төл мерекесімен құттықтады.

Қоғамдық көліктің жұмысы да жүйелене бастағанына ең алдымен жолаушылар разы. Кестеден ауытқымай, қауіпсіздік шараларын сақтап, діттеген жеріне жеткізген көлік жүргізушілеріне олардың алғысы шексіз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FSViEbN7MwU[/youtube]

Бауыржан Жапаковтың жолаушыларды тасымалдағанына 8 жыл болыпты. Соңғы бес жылда «Автоимпульс» мекемесінде жұмыс істеп келеді. Серіктестіктің көліктері қалада № 69, 120, 106, 139 бағыттарға және Рабат, Ақбұлақ, Құмкент ауылдарына қатынайды.

Шымкенттегі 83 бағытта жолаушылар тасымалымен 30 компания айналысады. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында биыл 200-ге жуық жаңа көлік сатып алынды.

005

Мереке қарсаңында осы салада көп жылдар еңбек еткен қызметкерлер, ардагерлер құрметке бөленді. Оларға қала әкімдігі және «Южавтотранс» қауымдастығы атынан алғыс хаттары табыс етілді.

Шынар Оразова