Мақтааралдың барымташылары 20 милионның малын ұрлаған

266

Мақтаарал ауданының полицейлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне бірқатар жергілікті тұрғын арызданған. Олар жайылымдағы жылқыларын белгісіз тұлғалар айдап әкеткені туралы айтады. Өткен жылдың қараша айынан биылғы мамыр айына дейін жергілікті тұрғындардан осындай 10 арыз келіп түскен.

7

Аудандық полиция қызметкерлері тыңғылықты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қарапайым халықтың адал малын ұрлаған барымташылардың ізіне түсіп, оларды әшкереледі.

Бүгінгі таңда үш күдікті ұсталды, барлығы 1983, 1986 және 1988 жылы туылған жергілікті тұрғындар болып шықты. Олардың бірі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Барлығы өз кінәсін мойындап отыр.

4

Бұл қылмыстық топтың жылқы ұрлаудың 11 жәйтіне қатысы бар екені анықталып отыр. Күдіктілер жалпы саны 45 жылқыны айдап әкеткен. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 20 млн теңгеге жуық.

Қазір үш күдікті қамауда жатыр. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.