Оңтүстік Қазақстанда 14 кәсіпкерлік мектебі ашылды

789

Оңтүстік Қазақстан облысында «Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы аясында өңірдің 14 аудан-қаласында типтік үлгіде салынған кәсіпкерлік мектептері мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылып, іске қосылды.

017

Бұл кәсіпкерлік мектептері алдағы уақытта мемлекет басшысының жалпыұлттық телекөпір барысында шағын және орта бизнесті дамыту, жетілдіруге айрықша баса назар аударуы, оған мемлекет тарапынан айрықша қолдау болатыны, әр аймақтың ерекшелігіне сай бизнес ашуды зерделеуге қатысты тапсырмаларына сәйкес қызмет атқаратын болады.

014

 

Елімізде алғаш болып Оңтүстік Қазақстанның барлық аудан, қалаларында «бір терезе» қағидасы аясында ашылып отырған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы әкімшілік кедергілерді мейлінше азайтуды көздеп, бизнес өкілдеріне керекті құжаттарды ресімдеу, алу сынды қызмет түрлерінің қарау мерзімін қысқартуды мақсат тұтады.

015

Бұл орталықтарда кәсіпкерлер үшін қаржы институттары мен әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері орналасқан. Енді шалғайда тұрып, бизнесін бастаған іскер азаматтар өздеріне керекті ақпарлар мен қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігіне ие болуда. Айта кету керек, бизнес өкілдеріне көрсетілетін консалтингтік қызметтер мұнда ақысыз негізде жүзеге асады.

016

Ал кәсіпкерлік мектептерде тыңдаушылар үшін бизнес негіздері үйретіліп, өндіріс орындары мен шаруашылықтар базасында шеберлікті шыңдау курстары, семинар-тренингтер өткізіледі. Он күнді құрайтын оқу курсының басым бөлігі іс-тәжірибеге бағытталған.