Оңтүстікте астық жинау аяқталып қалды

718

Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдың 72% жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаласының мәліметтеріне сәйкес, 23 шілдедегі жағдай бойынша облыста 235 мың тонна астық қамбаға құйылды.

003

Жалпы, Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге биыл «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 100,6 млрд теңге бағыттаған. Бұл өткен жылғы қаржыдан 16%-ға артық. Осы ретте қаржыландыру кезінде негізгі күш шағын және орта шаруашылықтарға жасалады.

Мысалы, егер 2015 жылдың басынан «ҚазАгро» ұлттық холдингі агроөнеркәсіп кешенін несиелеуге жалпы сомасы 118,3 млрд теңге бөлсе, шағын және орта бизнестің үлесі 104,5 млрд теңгені құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті несиелеудің үлесі 97%-ды құрайды немесе 8,7 млрд теңге. 2015 жылғы егін егу және жинау науқаны шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялары өңірдің үш облысының шаруашылықтарын 941 миллион теңгеден астам сомаға қаржыландырды, оның ішінде 507,5 млн теңгесі – ОҚО шаруашылықтарына, 158,5 млн теңгесі – Жамбыл облысына, 281,1 млн. теңгесі Қызылорда облысына тиесілі.

Жылдың басынан бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық құрылымдары мен шаруашылықтарына холдингтің еншілес ұйымы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша түрлі 165 ауыл шаруашылығына қажет, топырақты өңдейтін және арнаулы техникалар жеткізілді.