Оңтүстік полицейлері – чемпион!

402

Қостанай қаласында волейболдан өткен республикалық жарыста ОҚО ішкі істер департаментінің командасы топ жарып, 1-орынға ие болды. Ірі жарыс ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен болатын. Сол жеңімпаздарды марапаттау рәсімі облыстық ішкі істер департаментінде өтті.

1

ОҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов департамент намысын қорғаған қызметкерлерді салтанатты түрде құттықтап, құрмет грамоталары, медаль және сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, команданы бастап барған ОҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі С.Айтбековке чемпионат кубогы мен 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

7

Жарыс барысындағы бірінші ойында ОҚО ІІД командасы Ақмола облысының ІІД командасымен кезедсіп, қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Екінші ойында Солтүстік Қазақстан облысының ІІД-ін 3:0 есебімен жеңіп, үшінші ойында Қостанай облысының ІІД 3:1 есебімен ұтып, жарыс қорытындысымен чемпион атанды.

2

Осы жарыс барысында ОҚО ІІД командасының мүшесі, Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Мамедов Мамед «Ең үздік шабуылшы» атанды.

4

Осымен облыстық ішкі істер департаментінің командасы Қазақстан Республикасының 2011-2014 жылдар арасында өткізілген «Жоғары лига» волейбол чемпионаттарының төрт дүркін чемпионы атанып отыр. Осыған орай команданың барлық мүшелерін облыстық мәслихат хатшысы Ержан Құдайберген құрмет грамотасымен марапаттады.

6